ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент орталық мешітінде «Шариғи пәтуә берудің заманауи мәселелері» атты аймақтық діни семинарына қатысты.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мен  Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан шығарылған пәтуаларды кеңінен насихаттау һәм түсіндіру мақсатында ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы  Құрбанұлы  дәріс оқыды.

Аталмыш семинарға діни оңалту бөлімінің және жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) және мешіт имамдары және «Әйел қыздар» секторының мүшелері қатысты.

Сондай-ақ, бөлім меңгерушісі қатысушылардың көкейде жүрген сұрақтарына кеңінен түсіндіріп, жауап берді. Мұнымен қатара, семинар барысында қалалық «Әйел қыздар» секторының мүшелеріне пәтуа мәселелері туралы  арнайы дәріс оқыды.

 Шейх Сансызбай қажы  Құрбанұлы ҚМДБ тарапынан жарыққа шыққан пәтуаларды ел арасында насихаттап, түсіндіру қажет екендігін тапсырды.  Семинарға қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38