Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент орталық мешітінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ардақты әке, марқұм Төленбай Мырзабайұлын еске алу құрметіне жас қарилар арасында Құран оқудан сайысы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараны ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашып, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы және ардақты әке, марқұм Төленбай Мырзабайұлын еске алу құрметіне жасалған шара қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Рухани шараны қала имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров жарыс шарттарын түсіндіріп, жүргізіп отырды.
Айтулы жарысқа ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықылас Майлан, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы Кәмілжан қари Садықов және орталық мешіттің ұстазы Нұрсұлтан қари Мамедалиев пен Мейірбек қари Сәрсенбаевтар төрелік етті.
Жарысқа 63 жас қари қатысты. Жарыс үш номинация бойынша жүргізілді. Яғни, 10 пара, 5 пара және 30-шы пара бойынша өткізілді. Топ ішінен озат шығып, жүлделі орынға ие болған қарилардың есемін атауды жөн санадық. Атап айтқанда:
10 пара бойынша:
1-орын- Жалиев Әлібек
2-орын-Жұманазаров Ермек
3-орын-Ахматжанұлы Нұрислам
5 пара бойынша:
1-орын- Шыңғысұлы Абай
2-орын-Дүйсенқұл Набиолла
3-орын-Куржилов Бекзат
30-шы пара бойынша:
1-орын- Байнұр Бакберген
2-орын- Абдуллаев Сарвар
3-орын-Кәдіров Нұрмұхаммед
Ал қалған жарысқа қатысушы қариларымызға ынталандыру ретінде алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар үлестірілді. Айтулы шараның бас демеушісі Төленбай Мырзабайұлының жұбайы Малике Бегайдарова мен ұлы Абай Мырзабаевтарға алғыс айтамыз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі