Асыл дініміз тазалыққа қатты мән берген адам дене мүшесінің барлық жерін тазалауға қатысты толық үйретеді! Ең алдымен, дәрет сындыру әдебін дәретханаға кіруден бастаған абзал.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) заманында Салман Фарси есімді бір сахабаға,   бір мүшрік келіп: «Пайғамбарларың (с.а.с.) сендерге барлық нәрсені үйреткен екен, тіпті, дәретке қалай отырып, қалай тазалануды да үйреткен болар?» – деп келеке етеді. Сонда Салман Фарси: «Иә, бәрін үйретті. Тіпті, дәретке отырудың әдептерін де үйретті. Яғни, үлкен не кіші дәретке отырғанда құбылаға қарамауды, оң қолмен нәжісті тазаланбауды, тас, тезек, сүйек қолданбауды үйретті», – деп жауап берген екен.

Әдеп бойынша, дәретханаға сол аяғынан кіру керек, бірақ оң аяқпен шығу керек. Бұл жерге ешқандай  қасиетті жазбаларды әкелуге болмайды!

 Сондай-ақ, көшеде, адамдар көп пайдаланатын жолдардың жиегінде, жемісті ағаштар өсетін баулардың ішінде «әжетін» өтеуге болмайды. Қажеттілік өтелетін арнайы орын болғаны және онда адам жалғыз болуы шарт немесе басқаларға көрінбейтініне көз жеткізген абзал.

Дәретханаға кірерде мына дұғаны оқыған абзал: «Бисмиллаһи, Аллаһуммә иннии ағузу бика минәл-хубси уәл-хабаис». (Я, Аллам! Жын-шайтанның кесапаттары мен барша жамандықтардан Өзіңе сыйынамын. Мені олардан сақтай гөр) деп қазақшасын болса да айтып, дәретханаға кірген дұрыс. Өйткені, әжетханалар жындардың мекені екені жайлы риуаяттар бар.

Дәретханаға Құран мен оның аяттары, Алла Тағаланың есімдері бар сақиналар, басқа да заттарды алып кіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, дәретханада Құран оқуға және мәжбүрлік болмаса тыңдауға қатан тыйым салынады.  

Әжетхананың дәрет сындыратын қабырғасы құбылаға қарамауына назар аударған жөн. Мүмкіндігінше құбылаға қарап немесе арқамен отырмауға барынша тырысу керек.

Мұсылман еркектер мен әйелдер дәретханаға кірерде,  басын жауып және сүйретпе аяқ киіммен кіреді. Өйткені, бұлай істеу Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті әрі үметінен талап еткен амалдар.

Дәретті сындыру кезінде әурет жерлерді барынша ашпай-ақ, қажет болған кезде жалаңаштап, содан кейін сол аяққа сүйене отыру – дәрет сындыру әдебінен.

Дәретхана бөлмесінде қолданған кезде ұялы телефонмен сөйлесуге болмайды.

Қоғамдық дәретханада жай ғана есігін ашуға болмайды. Біреу құлақшаны жіберіп алды немесе құлып жұмыс істемеуі мүмкін. Дәретханадан шықпай тұрып, дәретхананы тазалау керек.   Дәретханаға  келесі адамға қандай да бір нәрсе қалдырудың қажеті жоқ.

Дәретханадан  шығарыда: «Әлхамдулилләһилләзии азһәба әннил-әзаа уа әффании» (Мені қиындықтан айықтырып, ем берген Аллаға шүкір) деп айтқан дұрыс (Ибн Мәжа, тахарат, 10).

 Алла тағала баршамызды, ізгілердің қатарынан болуға нәсіп етсін

Қасымбеков Н. «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti»  мешітінің азаншысы

Пайдаланған әдебиеттер:

Ибн Мәжа, тахарат, 10

asyldin.kz

Имам Бухари Адабул Муфрад

Имам Табарани

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38