ҚМДБ Шымкент орталық мешітінде өткен жылдық қорытынды есеп беру мәжілісінде қалалық «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Дәлірек айтқанда, қалалық «Діни Оңалту» бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов бастаған 18 маман-дінтанушы имамдардан құралған топ мүшелері күрделі жат ағым мүшелеміне 210 рет жеке кездесу және 57 рет онлайн ұйымдастырып, нәтижесінде 40 жат ағым өкілдері ата дінімізге оралып, бейімделіп, райнан қайтты.
Топ мүшелерінің арнайы 8 мақаласы және республикалық 3 семинарына қатысып, және 12 аймақтық семинар жұмыстарын ұйымдастырған.
Осындай жұмыстарды атқарып жүрген топ жетекшісі мен топ мүшелеріне Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан демалыс шипажайына жолдамасы мен 30 мың теңге көлемінде қаржылай ынталандыру, алғыс хаттарымен марапатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдінің баспасөз қызметі