Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Жастар ісі» секторы көптеген игі істерді қолға алып келеді.
Осы ретте, Шымкент қалалық «Жастар ісі» секторы мен Шымкент Жастар ресуртары орталығымен бірлесіп «Саламатты ұрпақ» атты кіші футболдан турнир ұйымдастырды.
Шымкент қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбековтың айтуынша, бұл жолғы турнирдың орны бөлек, яғни тағдырдың жазшымымен сотты болған төрт ауданға қарасты пробация бөлімінде тіркеуден тұрған жастардың басын қосып, оларға имандылық һәм адамгершілік, еңбекке және өмірге бейімдеу т,б, асыл қасиеттерді сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шара алдағы уақыттарда да жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі