ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Əл-Білəл мешітінің жамағатының ұйымдастыруымен ірі қара мал түрі құрбандыққа шалынды. Бұл іс-шараның мақсаты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған, Шымкент қаласының бас имамы Бақдəулет қажы Нұрматұлы қоштаған елдің басына күн туып, «мына жаман індеттің Алла Тағала бет аулақ етсін»- деген ниет болатын. Құрбандықтың еті мұқтаж кісілерге үйлестірілді. Алла Тағала осыған игі іс-шараға үлес қосқан əрбір жаннан разы болсын.