ОҚО Ордабасы ауданы Темірлан ауылы «Дәулеталыұлы Бегалы ата» орталық мешітінде 24 тамыз күні мешіт ұжымының ұйымдастыруымен жаңа оқу қарсаңында ҚМДБ-ның төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен бастау алған, Республикалық «Мектепке жол» акциясы болып өтті.Оған тұрмыс жағдайы өте төмен 12 ұл-қызға мектепке керекті сумка, дәптер, қалам-қағаздар және т.б керекті заттар үлестірілді. Бұл жолы Темірландағы Аманкелді жалпы орта мектеп оқушылары қамтылды. Сонымен қатар Ынталы ауыл имамы Тасқынбек Нұрғали, күйеуі істі болып сотталған көп балалы (7 ұл қызға) отбасы балаларына үйіне арнайы барып қайырымдылық көмегін жасады. Бұл бүлдіршіндергеде мектепке керекті заттарды сый ретінде тарту етті. Орталық мешіт азаншысы Жұмаділов Дарханда осы қайырымдылық іс-шара куәсі болды. Жалпы аудан бойынша 127 бүлдіршінге қайырымдылық көрсетілді. Акция әліде жалғасуда.