
 Мешіттерде жеке намаз оқуға қойылатын талаптар:
 Тек жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат етіледі. Мешіттерде 
 жамағатпен (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) намаздар 
 оқылмайды;
 Мешітке жеке құлшылыққа келген ерлер мен әйелдер ұзақ уақыт 
 мешітте болмауы тиіс. Мешітте болу уақыт ұзақтығы – 15 минут;
 Намаз оқушылардың арақашықтығы 1,5 метр болуы керек және арнайы 
 белгіленген орындарда намаз оқып, намаз оқып болған соң мешіттен бірден 
 шығып кетуі тиіс;
 Мешітке келетін адам санын діни ғимараттың жалпы пайдалы 
 ауданының 30 пайызынан артық толтырмауы керек;
 Мешітте қол алыспау керек;
 Мешіттерде ауа алмасу жүйесі жақсы жүру үшін барлық есіктерді ашып 
 қою қажет;
 Әр 3 сағат сайын намаз оқитын залдарды залалсыздандыру жұмыстарын 
 жүргізу қажет;
 Намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті 
 түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруі керек;
 Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас 
 балалар намаздарын үйлерінде оқығаны абзал;
 Мешіт дәретханаларын қолдану барысында арақашықтықты және 
 сантитарлық талаптарды сақтауы тиіс;
 Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдарды пайдалану 
 қажет;
 Мешітке кіру бөлек есіктен және шығу бөлек есіктер арқылы болуы тиіс.
 Мешітте Құран оқытуға қатысты талаптар:
 Құран оқыту бөлмесіне 10 адамнан артық кіргізбеу;
 Құран оқытуға келушілердің араларында 1,5 метр қашықтықтың 
 сақталуы және келушілердің арнайы белгіленген орындарға отыруы;
 Құран оқитын бөлмелерде имамдар және келушілердің міндетті түрде 
 бетпердемен отыруы;
 Гигиеналық талаптарға сәйкес бата жасау (бет сипау және т.б.);
 Әр 3 сағат сайын Құран оқитын бөлмені желдетіп отыруы;
 Құран оқитын бөлмеге кірмес бұрын антисептикалық құралдарды 
 пайдалануы;
 Құран оқитын бөлмеге кіру бөлек есіктен және шығу бөлек есіктер 
 арқылы болуы тиіс.
 Неке бөлмелеріндегі іс-шараларға қатысты талаптар:
 Неке қиюға шариғат талаптарына сәйкес, неке бөлмесінде куәгерлерден 
 басқа адамдар болмауы тиіс;
 Неке қиюшылардың аралары 1,5 метр қашықтықты сақтау және арнайы 
 белгіленген орындарға отыру;
 Неке залдарында имамдардың және келушілердің бетперде және 
 медициналық қолғаппен болу керек;
 Неке қиып болған соң бірден мешіттен шығуы керек;
 Неке қию бөлмесіне кіруден алдын антисептикалық құралдарды 
 пайдалану қажет;
 Әр 3 сағат сайын неке залдарын залалсыздандыру қажет.


ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

