Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің мешіттердің ашылуына қатысты БАҚ арқылы жария етілген үндеуіне орай Шымкент орталық мешітінде қалалық ТКҚСББ жетекші мамандарымен бірлескен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты және мешіттердің ашылуы кезінде төтенше жағдай талаптары мен санитарлық нормаларды сақтау туралы қалалық ТКҚСББ жетекші маманы Гүлмира Пайзиева түсіндірме жасады.
Сондай-ақ, қала мешіттерінде Бас мүфтидің үндеуінде қойылған талаптардың орындалуы барысы туралы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы айтып өтті.
Айта кетсек, қаладағы барлық мешіттердегі қабылдау, Құран оқу, неке қию бөлмелері санитарлық талаптарға сәйкес (тиісті уақыттарда дәрілеп залалсыздандыру, маска, антисептикалық құралдар т.б.) жұмыстар жүргізіліп жатыр.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі