Қазығұрт ауданында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, Ұлық Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Зекет» жұмысы бойынша игілікті іс жалғасын тапты. Аудан аумағында малшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жылдан жылға саны артуда. Ауданымыздың кәсіпкерлері Еліміздің экономикасын арттыруға өз үлестерін қосуда. Бұл әрине Тәуелсіздігіміздің жемісі деп білеміз. Кәсіпкерлікті дамытуға елімізде барлық жағдай жасалынған. Кәсіпкерліктерін дөңгелетіп жұрген азаматтарымыз, қайрымдылық ісіне көңіл бөлуі аса қуантады.
Көпшілікке мәлім болғандай ҚМДБ-ының жанынан «Зекет» бөлімі ашылып нәтижелі жұмыстарына ел куә болуда. Аудан аумағында зекеттің парыздығы жайлы мешіттерде және шақырылған орындарда түсіндіріліп келеді. Биылғы Рамазан айында орталық мешітте кәсіпкерлердің басын қосып ауыз ашар беріліп, зекет парыздығы жайлы сұрақтарына жауап берілген, мешіт алдына Зекет баннерлері ілініп, онда зекеттің нисап мөлшері толығымен анық түсінікті етіп жазылған.
ҚМДБ-ының нұсқауы және бастамасын іске асыруға Облыс өкілдік мешіті аудандағы , ауылдағы мешіттерге қолдауымен іске асып жатыр.
Аудан бас имамы Полатов Еркін Тұрғынұлының ұйымдастыруымен кәсіпкерлердің қолдауымен, малшаруашылымен айналысып жатқан отбасы өзінің уақ малдарын есептеп, 16 қойды зекет ретінде беру керек екендігін білді. Және соны іске асыру мақсатында 16 қойды 16 отбасыға бір қойдан үйді үйге аудан бас имамы бастап таратып шықты. Аудан орталығында көп қабатты үйлерде көп балалы отбасылар көптеп тұратындығын ескеріп, зекет малдарын көпшілігін сонда апарылды. Сондай-ақ бұл игілікті істің басына аудан әкімдігінен Сапарбек Қалботаев қатысып, бас имаммен бірге көпшілікті айтулы мерекелерімен құттықтады. Бұл қайрымдылықты мерекелік тарту ретінде беріліп жатқандығы айтылды.
Осыдан бірнеше күн алдын ауданымыздың жаңа басшысы Телғараев Төлеген Тұртайұлы демеушілер тарту арқылы 3 көпқабатты үйдің шатырын ауыстырып беріп көпшліктің алғысына бөленген еді.
Зекет парызын өтеуші азаматтар өздерінің аттарын атамауды сұранған. Жаратушы Иеміз Зекет парыздарын қабыл етсін. Кәсіптеріне берекет берсін дегіміз келеді. Жаратушы Иемізден Зекет парызын өтеушілер саны артсын деп тілейміз.
Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті