SAM 785

 SAM 785

Алланың құлы әрі елшісі болған Мұхаммед (с.а.с): Аллаға, елшісіне және өз араларыңыздан шыққан басшыларыңызға бағыныңыздар деп бұйыған. Тіпті ол қара құл хабаши болсада- деп, адамның бір- бірінен айырмашылығы тек тақуалығында екенін айтқан. Пайғамбар мектебінен шыққан сахабалар да, одан кейінгі табиғиндер де осы жолдан тайынбаған. Сонау ұстаздар тәлім алған ата- бабаларымыз да хақ дінмен бірге ел билігін тізгіндеп отырған. Ұлы отан соғысында елі үшін аттанған атақты батыр Б. Момышұлы да басшыға бағынған құл болмайды- деген сөздері де мақаламызды жандандыра түскендей. Мақтарал ауданына жаңадан басшы болып Ғалым Ыбырайұлы тағайындалды. Бүгін Мақтарал ауданы әкімшілігінде аудан әкімімен бірге кездесу болды. Кездесудің негізі- имам- молдалармен жақсы қарым- қатынаста болу және халықтың тұрмысы жақсы болуына бірге ат салысу. Жиналыста алғашқы сөз бастаған ауданымыздың бас имамы Бекзат Сыздықов жаңа келген қызметіне құттықтау жасап, Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Менің үмметім тек жақсылықта бас қосады»- деген хадисін айтып, біздің де бұл отырысымыз берекелі болсын деп дұға етті. Кейіннен ауданымыздағы барша мешіт имам- молдаларымен таныстырып, қызметтік дәрежелерін атап өтті. Одан кейін аудан әкімі Ыбырайұлы Ғалым сөз алып, мешіт имамдарына халықпен бірге етене араласу керектігін және сіздерде үлкен күш бар, ол бірлік деген, сол күшті барынша ел игілігі үшін пайдалану керектігін айтты. Және де өз мекендеріндегі халықтың тұрмыс- тіршілігі, жаңалықтарынан әрдайым хабардар болуға, халық арасында тілдік, ұлттық, діндік қайшылықтарға жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Бекзат Сыздықов қазіргі уақытта барша мешіттерде құжаттарды түгел рәсімделуі жүріп жатқанын айтып, бейнебақылау құрылғыларын орнатуда жеңілдіктер берілуін сұрады. Сөз соңында ауылдық мешіт имамдары әкім Ғалым мырзаға өз сұрақтарын қойып, келешекте қойылған сұрақтар міндетті түрде өз шешімін табатындығына сенім білдірді.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

 SAM 781

 SAM 782

 SAM 785

 SAM 784

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38