Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы орталық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» мешіттінде агылған «Call-Center» орталығындағы жамағатқа және қала тұрғындарына жұмыс жасауда.
Өздеріңізге белгілі, қасиетті Рамазан айында көпшілікке «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты онлайн түрінде сұрақтарға жауап беру жүргізілде. Атап айтқанда, телеграм желісінде 290, сенім телефоны арқылы 60, WhatsApp желісі бойынша 30 және мешітке келіп жекелей 60 сұрақтарға жауап берілген. Жалпы 440 сұраққа жауап берілген. Сондай-ақ, «Call-Center» орталығына 15 білікті һәм тәжірибелі ЖАНТ мүшелері бекітіліп, олар 09.00-21.00 аралығында мешітте болып ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің нұсқаулары негізінде сұрақтарға тұщымды жауап беріп келеді. ( «Call-Center» +7084784872 ) Айта кетсек, жуырда тағайындалған Бас имам Бақдаулет қажы Абдурахманов «Call-Center» орталығының жұмысымен танысып, салаға жауапты мамандарға келіп түскен сұрақтарға сапалы түрде жауап беріп, әрі қарай орталықты дамытып, жүйелеу қажеттілігін тапсырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі