Бүгін, жуырда тағайындалып, қызметіне кіріскен ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахманов орталық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» бас мешіттің тыныс-тіршілігімен танысудан бастады.
Орталықтың бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы қала имамының  1-ші орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы таныстырып, баяндады. Таныстыру барысында «Діни оңалту» бөлімінің,  Қажылық оқу орталығының, ДСАК жұмысы және  сайт жұмыстары, мешіттің намаз оқу залы,   дәрісхана,  қызметкерлер бөлмесі, жылыту қазандығы, дәрітхана, әйел-қыздар секторының бөлмесі мен тігін шеберханасының т.б. жұмысы таныстырылды. Мұнымен қатар,   бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы  бірқатар сала жетекшілеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамалары  аясында қолға алынған жұмыстарды сапалы орындау қажет екендігін түсіндірді.Сондай-ақ, әлемге дүрбелең салған «Сovid-2019»   жұқпалы індетіне байланысты биылғы Рамазан айы ерекше өткізіліп жатқаны белгілі. Осы уақыттарда тиімді пайдаланып,  ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар бойынша уағыз-насихат жұмыстарын онлайн түрінде жүргізуді, тазалық шараларын қатаң сақтауды айрықша тапсырды.   
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

 
                    



