Бақдаулет қажы Абдрахманов,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңШымкент қаласы бойынша бас имамы

РАМАЗАН – ШҮКІР АЙЫ!

Қасиетті Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Осы күнге аман-есен жеткізгеніне Аллаға шүкір етейік. Ораза тұту туралыҚасиетті Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді» делінсе, тағы бір аятта: «Сендердің араларыңда кімде кім рамазан айының туғанын көрсе, сол күні ораза ұстасын. Сырқат немесе жолаушыларға ораза айында ұстай аламаған күндерін басқа күндері ұстасын» (Бақара сүресі, 183-185 аяттар) делінген. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім ораза тұтса және Алла разылығы үшін шын ықыласымен тарауих намазын оқыса, Алла Тағала оның тіршіліктегі күнәларын кешіреді және не тілеген болса тілектері қайтарылмайды»,- деген болатын. Ендеше осы айдың сауаптарынан құр қалмайық.Тарауих намазы «Тарауих» сөзі арабтың «тынығу, үзіліс беру» дегенді білдіреді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім рамазан айында тарауих намазын шын ықыласпен оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»,– деген.Тарауих намазы Рамазан айы бойы құптан намазынан кейін үтір намазынан бұрын оқылады. Тарауих намазы ер мен әйелге бірдей сүннет мүәккада саналады. Құран оқығанның сауабы Рамазан – Құран айы. Бұл айда қасиетті кітапты көп хатым ету керек. Яғни оны толық оқып шыққан адамға мол сауап жазылады. Хадисте: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, бір сауап алады, ал бір сауап он сауапқа тең…», деген. Хадисте: «Ораза мен Құран пендеге қиямет күні араша түседі. Ораза айтады: «Ей, Жаратқан. Мен оны күндіз ішіп-жеуден тиып едім». Сонда Құран айтады: «Ия, Раббым. Мен оны түнде ұйқыдан қалдырып едім. Енді мен оны қорғаймын». Олардың арашасы қабылданады». Жалпы, Рамазан айында Құран, хадис кітаптарын оқып жүргеннің сауабы шексіз. Ауызашар беру Ардақты Пайғамбарамыз (с.а.с): «Кімде кім оразашыға қамқорлық етіп, ауыз аштырса, сол оразашы алғандай сауапты бұл да алады. Оның сауабынан еш нәрсе де кемімейді» делінген. Бұл айда әр адам өзінің қал жағдайына қарап ораза тұтқан адамға ауызашар беру арқылы мол сауапқа кенеледі. Ауызашар және сәресін ішу мәселесі Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үш нәрсе пайғамбарлық әдетке жатады. Ол: ауыз ашуды кешіктірмеу, сәресіні кешіктіру және намазда оң қолды сол қолдың үстіне қою» және «Алла Тағала және оның періштелері сәресі ішкендерге игілік тілейді» және бір хадисте «Сәресіні ішіңіздер! Өйткені сәресіде береке бар», – деген. Сондықтан оразашы сәресін ішіп, берекетке ие болуымыз қажет. Қадірлі ағайын! Әлемге дүрбелең салған «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты елдегі төтенше жағдайды ескеріп, барша құлшылық амалдарымызды өз үйімізде, отбасы мүшелерімен күндіз ораза тұтып, кешке тарауих намазын оқуға болады. Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай!Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38