Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Ақжайық» мешіті мен қалалық «Зекет» қоры бірлесіп «#Жүрек жылуы» аттықайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында 25 отбасыға азық-түлік таратылды. Атап айтқанда, әр отбасыға 5 литр өсімдік майы, 5 кг күріш, 5 кг қант, 10 кг ұн, 5 кг ет, 5 дана сабын т.б. заттар.
Акция барысында «Ақжайық» мешітінің имамы Азимхан қажы Махметханов шараның негізгі мақсатына тоқталып, халықты сабырға шақырып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған «#Жүрек жылуы» аттықайырымдылық акциясының мәні мен мақсатын атап өтті.
Бұл шаралар жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі