Имамдар жемқорлыққа қарсы. Енді қала мешіттерде жиналған жамағатқа дін өкілдері жемқорлықтың харам екендігін уағыздайтын болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті қызметкерлері қаламыздағы өкілдері имамдармен бас біріктірді. Агенттік қоғамға қауіпті сыбайластық дертінің алдын-алу жолдарын қарастырды.
Еліміздегі алып шаһар Шымкентте 100- ден аса мешіт бар. Қазағы басым қалада Алла үйінің үйінің өзге аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондықтан болар департамент өкілдері әр жұма сайын жүз мыңдаған жамағатпен жүздесетін имамдарға сыбайластықтың салқыны жайында уағыз айтуға қолқа салып отыр.