Жақында ғана Асатана қаласындағы 10000 көрермен сыйатын велотрек спорт кешенінде өткен, 6-шы Республикалық қазақша күрестен «Қазақ барысы» турнирі өткені баршаға мәлім. Осы турнирде Оңтүстік Қазақстан облысының атынан шыққан жерлесіміз, Ордабасы ауданы Темірлан ауылы тұрғыны Ерсұлтанов Жұманазарыды ең әуелі Шымкент әуежайынан спорт сүйер қауым «Жұманазар-ел-мақтанышы», «Жарайсың-Жұманазар» деп жазылған лозунгілермен күтіп алып, құрмет көрсетілді. Бесін намазы уақытында келген Жұманазар әуелі «Темірланә мешітінде жамағатпен жүздесті. Аудан имамы Б. Әшірбай ел батырына «Қазақ барысы» турнирінде жүлделі екінші орын алғандығымен құттықтап, қазақи дәстүрмен иығына шапан жауып, бата берді. Аудан әкімдігі орталық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен палуанға құрмет көрсетіп, марапаттау және сый-сияпат тапсыру рәсімдерін жоғары деңгейде көрсетті. Облыстық «Қазақстан Шымкент», «Айғақ», «Отырар» және «ТVК» телеарналары іс-шара барысын түсіріп, жаңалықтар топтамасынан көрсетті.
Ордабасы ауданы, орталық мешітінің баспасөз қызметі