ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп, кезекті қайырымдылықты абақтыда отырған азаматтардың отбасына көмек беруді қолға алуда. Дәлірек айтқанда, Шымкент қаласында тұратын көпбалалы ана күйуеінің өмірде шалыс басып абақтыға тоғытылғандығы салдарынан жағдайы төмендеп, мешітке келіп қайыр сұрайтын. Осы жағдайды көрген Шымкент қаласы бойынша «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзимбаев жағдайды біліп, олардың уәдесін алып, ай сайын тұрақты түрде көмек беріп тұруды қолға алды. Нәтижесінде отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда бір қап ұн, 5 кг қант, 10 кг күріш, 10 кг макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдікмайы т.б. Өзінің аты-жөнін жария етуді қаламаған көпбалалы ана енді қайыр сұрамай, адал қызмет етіп, нәпақа табатынын және Діни басқарманың жүйелі қызметіне риза екендігін жеткізді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі