Бүгін, қасиетті жұма намазындаҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Астана қаласындағы Көктал тұрғын алабындағы өрт салдарынан қаза болған бес бүлдіршіннің қазасына байланысты еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Шара аясында өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев жұмада «Сабыр түбі сары алтын» тақырыбы аясында уағыз айтып, уағыз барысында Астана қаласында тілсіз жаудың құрбанына айналған бес бүлдіршіннің қазасын қатты толғаныспен еске алып, ата-анасына, ағайын-туыстарына сабыр, Алладан медет сұрап дұға етті.
Айта кету керек, еске алу шарасы Шымкент қаласы бойынша 104 мешіттер имамдары мен жамағаты бір болып жұмада дұға етті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі