08 Ismail

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің Шымкент қаласы, Абай ауданы орталық «Абдурахман»  мешітіне бас имамдық қызметіне Панов Исмаил Идирисович тағайындалды.

Таныстыруға Шымкент қаласы бойынша өкіл имам бірінші орынбасары Ахметжан қажы Керімбек қатыстып, бас мүфти бұйрығын оқып таныстырды. 

Таныстыру барысында бұрынғы имам Сарыбаев Қазыбек Сұлтанбекұлына қызметіне ризалық білдірілді. Бүгінде ол ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша «Халал өнімдерін стандарттау» жұмысын шариғатқа сай қадағалау бөлімінің жетекшісі қызметін жалғастырады.

 Білімі:

Ал,  Панов Исмаил Идирисович  1995-96 жж. Ташкент қаласы Кукелташ  медресесі. 1996-2000 жж Ташкент қаласы Имам Әл Бухари атындағы Ислам институтын бітірген. 2011 жылы Түркия республикасы, Болу қаласындағы ИБЖИИ бітірген.

Еңбек жолы:

Панов Исмаил Идирисович, осы уақытқа дейін Түркістан қаласы орталық мешіттінің найб имамы, Кентау қаласы орталық мешітінің және Сайрам аудандық «Ы.Иманәлиев» мешітінің бас имамы қызметтерін абыроймен атқарған.

Тәжірибесі мол, білімді де білікті маман, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын маман.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38