Күндердің күнінде дана ғалымнан келіп сұрапты:

— Осы өмірдің мәнін қалай табуға болады? Алладан қалай қалағанымызды сұрай сұраймыз? Ғалым сөз алып:

— Адам баласының өмірінде 3 кезең болады және бұлар бір біріне еш ұқсамайды. Біріншісі, балалық шақ. Бұл кезеңде уақыт пен күшің бойыңда болғанымен мүмкіндігің болмайды. Екіншісі, ересек шақ. Бұл кезеңде жұмыс та, ақша да болады, бірақ, уақыт тапшы болады. Үшіншісі, қарттық шақ. Бұл кезеңде ақша да, уақыт та болады бірақ күш-қуат болмайды. Өмір сондай, саған бір нәрсе бергенімен басқа нәрсеңді алып қояды. Біз өзгенің өмірі өзімізден жақсы деп санаймыз, бірақ, өзгелер біздің өмірімізді жақсы деп санайды. Сондықтан, біз алдымен қанағатшыл болуымыз керек.

Егер бақыт деген сатылатын зат болса онда адамның барлығы соны сатып алуға бар қаражатын жұмсар  еді. Егер Алланың алдында өз дәрежеңді білгің келсе онда Алланың сенің жүрегіңдегі орнына бір сәт қара. Барлық ақ түс жақсылықтың, ал, барлық қара түс жамандықтың белгісі еместігін ұмытпаған жөн. Себебі, мәйітті жабатын мата ақ түсті болғанымен адам үшін қорқынышты көрінеді. Қасиетті қағба қара түсті болғанымен адамды магнит секілді өзіне тартады. Егер батылдық қатты дауыспен бағаланатын болса, онда есек еркектерден батыл болған болар еді. Сондай-ақ, егер әйелдің нәзіктігі жалаңаштанумен бағаланатын болса, онда маймыл ең нәзік жаратылыс саналар еді. Сондықтан, басыңды көтеріп Алладан сұрамас бұрын алдымен басыңды түсіріп оның бергеніне қарап шүкіршілік ет! Себебі, мұсылман Алладан сұрау үшін емес, Оны риза ету үшін құлшылық ету керек. Егер ол риза болса қалағаныңды сұрамай-ақ береді,-деген екен.   

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38