Жалпы, ішімдік – сөзі «ішуге болатын барлық сұйық заттарды» білдіргенімен, діни әдебиеттерде һәм еліміздің әдет-ғұрпында діни тұрғыдан ішуге болмайтын мас қылатын сұйық заттардың арнайы атауы. Фиқһ саласында бұл тақырып жалпы түрде «әл-әшриба» тармағында талқыланады. Қазақ тілінде «ішімдік» сөзімен де сол мағына, яғни, діни тұрғыдан ішуге болмайтын, мас қылатын алкогольді сұйық заттарды айтамыз. Адамзат тарихындай көне тарихы бар және барлық кезеңдер мен қауымдарда болған ішімдік және оған үйреншікті болу – Құран түскен кезеңде Хижаз-араб аймағында да етек жайған әдет еді. Ислам адамзатты зұлымдықтан, адасудан және барлық жамандық атаулыдан сақтап, заттық һәм рухани бақытқа кенелтіп, адамның жан дүниесі мен қоғамға тыныштық сыйлауды мақсат тұтқан мейірім діні болғандықтан, адамның есін ауыстыратын, ақылын тұмшалайтын ішімдіктерге үзілді-кесілді тыйым салды.Құран кәрімде Алла Тағала былай дейді:
﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالأَنصَابُ وَالأَزْلاَمُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ* إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاء فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَن ذِكْرِ اللّهِ وَعَنِ الصَّلاَةِ فَهَلْ أَنتُم مُّنتَهُونَ * وَأَطِيعُواْ اللّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَاحْذَرُواْ فَإِن تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُواْ أَنَّمَا عَلَى رَسُولِنَا الْبَلاَغُ الْمُبِينُ﴾ Уа, иман келтіргендер! Шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер– шайтанның істерінен. Сондықтан да олардан қатты сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар! Шындығында шайтан арақ пен құмар ойындар арқылы сендердің араларыңа от салып, дұшпандық пен жеккөрушілікті орнатуды, сендерді Алланың зікірінен, намаздан алыстатуды қалайды, сонда да тоқтатпайсыңдар ма?! Аллаға мойынсұныңдар әрі Оның елшісіне мойынсұныңдар, сақтаныңдар! Ал егер кері кетсеңдер, біліңдер, Елшіміздің бар міндеті анық жеткізу ғана.[1]
Қазіргі таңда ашшы сусыз қандайда бір іс шаралар, тойлар тіпті сәби балалардың өмірге деген бастауларының өзі ақ дастархан басын айналып өтпейтіні жаныңа бататыны шындық. Дегенмен бұның бәрі нәпсінің еріп кетуіне тәубесіз өмірлік қағидаға айналып кетсе қоғамның азғындауына апарып соғары сөзсіз.
Бүгінгі статистика бойынша жер бетіндегі халықтың үштен бір бөлігі ішімдік тұтынатындар. Ол дегеніміз 6 миллиардтан астам халықтың 2 миллиарды спирттік ішімдік тұтынады деген сөз. Өкінішке орай, Қазақстан тұрғындары да ішімдікті көп тұтынатын елдердің қатарында екен. Жалпы еліміздегі халықтың 35,5 пайызы ішімдік тұтынса, ал 300 мыңнан астам адам ішімдікке салынғандар, дейді мамандар. Еліміздегі халық тұтынатын ішімдіктің бір жылдық мөлшерін жан басына шаққанда 12 литр арақ, 31 литр сырадан келеді екен.
Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадистерінде күнәлі істерге жақындамау харамнан алыс болу жайында:
قَالَ النَّبيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» لَيَكُونَنَّ مِنْ أُمَّتِي أَقْوَامٌ يَسْتَحِلُّونَ الْخَمْرَ
«Үмбетімнен арақты халал деп есептейтіндер болады»[2], деген.
Расымен харам болған нәрсені халал деп, халал болған нәрсені харам дейтіндер арамызда баршылық. Арақ ондай адамдар үшін ауырып қалғанда шипасы, дастархан үстінде батасы онсыз қабыл болмайды, көңіл-күйі болмаса онсыз көңіл-күйі көтерілмейді. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):
كُلُّ مُسْكِرٍ خَمْرٌ وَكُلُّ مُسْكِرٍ حَرَامٌ
«Барлық мас қылушы – арақ һәм барлық мас қылатын нәрсе харам».[3]
Шайтанның алдауына көніп нәпсінің құмарына еріп, өзін бір батыр санап қасындағының шырқын кетіріп жаман атқа ие болғандар қаншама. Өзінің туыстарына айырылып қоғамға түк пайдасы жоқ тек жеке дара басын ойлап өмірдің тәлкегіне риза болмай әлсіздіген танытып уәдесінен шыға алмай, жат-жұртқа сыйы кетіп, намысы тапталып жүргендер аз емес ау.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде:
قَالَ النَّبيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» ثَلَاثَةٌ لَا يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ: مُدْمِنُ الْخَمْرِ، وَقَاطِعُ الرَّحِمِ، وَمُصَدِّقٌ بِالسِّحْرِ، وَمَنْ مَاتَ مُدْمِنُ الْخَمْرِ سَقَاهُ اللَّهُ جَلَّ وَعَلَا مِنْ نَهْرِ الْغُوطَةِ، قِيلَ: وَمَا نَهْرُ الْغُوطَةِ؟ قَالَ: نَهْرٌ يَجْرِي مِنْ فُرُوجِ الْمُومِسَاتِ – أَيْ الزَّوَانِي – يُؤْذِي أَهْلَ النَّار.
Үш адам жәннатқа кірмейді. Олар: арақ ішуші, туыстық байланысты үзуші және сиқырға сенуші. Кімде-кім арақ ішіп, мас болып өлсе, даңқты һәм ұлы Алла одан әл-Ғута өзенінен сусындатады», – дейді. Адамдар: «Уа, Расулалла! Әл-Ғута өзені деген не?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ол тозақтағы зинақор әйелдердің мүшелерінен ағатын өзен. Олардың мүшелерінің исінен бүкіл тозақтықтар қатты жиіркенетін болады», – деп жауап берген.[4]
Басқа бір хадисте:
عَنْ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ تَعَالَى عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »لُعِنَتْ الْخَمْرُ عَلَى عَشَرَةِ وُجُوهٍ، لُعِنَتْ الْخَمْرُ بِعَيْنِهَا وَشَارِبِهَا وَسَاقِيهَا وَبَائِعِهَا وَمُشْتَرِيهَا وَعَاصِرِهَا وَمُعْتَصِرِهَا وَحَامِلِهَا وَالْمَحْمُولَةِ إلَيْهِ وَآكِلِ ثَمَنِهَا
Ибн Омар (Алла одан разы болсын) риуаят еткен хадисте Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады».[5] Демек арақтың кеселдері қай қырынан болмасын берер пайдасынан зияны көп. Оның асылы негізінен мұсылман түгілі адамзатқа Алла тағала тарапынан қарғыс етілген.
Тағы бір хадисте Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) арақ ішкен адамның намазы қашан тәубе еткенше, қырық күн бойы қабыл болмайтындығын айтқан.
عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »مَا مِنْ أَحَدٍ يَشْرَبُهَا فَتُقْبَلُ لَهُ صَلَاةٌ أَرْبَعِينَ لَيْلَةً، وَلَا يَمُوتُ وَفِي مَثَانَتِهِ مِنْهُ شَيْءٌ إلَّا حُرِّمَتْ بِهَا عَلَيْهِ الْجَنَّةُ فَإِنْ مَاتَ فِي أَرْبَعِينَ لَيْلَةً مَاتَ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً.
Абдулла ибн Амрден (Алла одан разы болсын) жеткен риуаятта Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қандай да бір адам арақ ішсе, оның намазы қырық түн бойы қабыл болмайды. Ал сол күйі өліп, оның несеп жолында арақтан бірдеңе қалса, ол жәннатқа кірмейді. Сол қырық күннің ішінде өлсе, нағыз надан күйде өлген болады».[6] Арақ басқа күнәлардың істелуіне себепкер болатын азғырушы ішімдік.
Дастархан басында ішімдік қойып ақ баталарын жаудырып оның қабылдығын күтіп жүргендерге Алла елшісінің хадистерінде тілек тілеу былай тұрсын намаздарының қабыл болмайтынын ескерткен.
عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »إنَّ مَلِكًا مِنْ مُلُوكِ بَنِي إسْرَائِيلَ أَخَذَ رَجُلًا فَخَيَّرَهُ بَيْنَ أَنْ يَشْرَبَ الْخَمْرَ أَوْ يَقْتُلَ نَفْسًا أَوْ يَزْنِيَ أَوْ يَأْكُلَ لَحْمَ خِنْزِيرٍ أَوْ يَقْتُلُوهُ، فَاخْتَارَ الْخَمْرَ وَإِنَّهُ لَمَّا شَرِبَ الْخَمْرَ لَمْ يَمْتَنِعْ مِنْ شَيْءٍ أَرَادُوهُ مِنْهُ«
Абдулла ибн Амрден (Алла одан разы болсын) жеткен риуаятта Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бәни Исраил патшаларының бірі бір адамды әкелдіріп, одан не арақ ішуді, не бір адамды өлтіруді, не зина жасауды, не шошқаның етін жеп немесе оны өлтіруді талап етеді. Ол адам арақ ішуді таңдайды. Арақты ішкен соң қалған істердің бәрін де істейді»[7].
Яғни, ішімдік барлық күнәларға еріксіз итермелейді.
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »اجْتَنِبُوا الْخَمْرَ فَإِنَّهُ وَاَللَّهِ لَا يَجْتَمِعُ إيمَانٌ وَإِدْمَانُ الْخَمْرِ فِي صَدْرِ رَجُلٍ أَبَدًا لَيُوشِكَنَّ أَحَدُهُمَا يُخْرِجُ صَاحِبَهُ«
Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Арақтан аулақ болыңдар! Уаллаһи, иман мен араққа мас болу бір адамның кеудесінде ешқашан қатар тұра алмайды. Ол екеуінің бірін-бірі шығарып жіберуге тырысады»[8].
Арақ – адамдарды адастыру үшін қолданатын шайтанның құралы. Ибн Аббастан (Алла одан разы болсын) риуаят етілген хадис: «Расулалла (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірде Алланың лағынеті болғыр Ібілістен: «Менің үмбетімнен дос тұтқандарың қанша?» – деп сұрады. Сонда Ібіліс: «Олар он», – деп олардың арасында арақ ішуші маскүнемді де қосқан.Арақ – нәжіс.
Шариғатымызда арақ-шарап ішімдік атауы денеге, киімге тисе немесе төгілсе нәжіс деп қабылданады. Қашан жақсылап тазаланғанша ондай киіммен намаз оқуға болмайды. Арақтың азы да, көбі де харам. Хадисте: «Мас қылатын нәрсенің азы да, көбі де харам», – делінген. Арақты ем-шипа ретінде қолдануға болмайды.
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »إنَّ اللَّهَ لَنْ يَجْعَلَ شِفَاءَ أُمَّتِي فِيمَا حَرَّمَ عَلَيْهِمْ
Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисте: «Ақиқатында Алла менің үмбетіме харам қылынған нәрселерден шипа жасамайды»[9], – деген.
ХІХ ғасырда өмір сүрген Тайжан биден ақырзаман қашан болады? – деп сұрағанда: ақырзаман белгілерін айта келіп:
Ашытқан судан асы болады,
Адал-арамды білмейді.
Азған адам осы болады,
Адамда шолақ өмір болады.
Құлшылық деген кәсіп болады,
Ұрлық деген нәсіп болады.
Етпен майды ас демейді,
Шарапсыз ас жемейді.
Ақырзаман осы болады! – деп жауап беріпті.
Ішімдік атауы елуге жуық қасыреттері бар солардың бірегейіне тоқталсақ:
- Арақ – Алла Тағала харам еткен нәрсе. Оны пайдалану Алланың тыйымын бұзып, әміріне қарсы шыққанмен тең.
- Арақ ішкен адам ақыл-есінен айрылады.
- Ысырап. Арақ ішушінің ақшасы да, уақыты да, ақылы да бәрі де харам жолында ысырап болады. Алла Тағала Ағраф сүресінің 31-аятында: «Адал нәрселерді жендер, ішіндер, ысырап етпендер», – деген.
- Досыңды дұшпан етеді. Жақсы көретін жандар жек көріп кетеді.
- Алланың зікірінен, намаздан қалдырады.
- Зинақорлыққа жол ашады.
- Күнәнің басы, басқаларын қозғап шығарады.
- Адамды әйелімен, жанұясымен жанжалдастырып, тез ажыратады.
- Сауап-күнәні жазатын періштелер арақ ішуден қатты азарланады.
- Арақ ішкенге Алланың рахым қақпасы жабылады.
- Қияметте отпен өрілген қамшымен азап беріледі.
- Арақ ішушінің үйінде тыныштық, береке болмайды.
- Жұрт алдында абыройы айрандай төгіліп, арсызға айналады.
- Егер тәубе қылмай өліп кетсе, имансыз кетеді.
- Шайтанның қатты қуанып, табалауына себеп болады.
- Арақтың кесапатынан елге апат, пәлекет келеді.
- Арақтың кесапатынан берекені кетіп, ашаршылық келеді.
- Арақтың кесапатынан ел арасында бұзғыншылық, үрей көбейеді.
- Арақ ішкен адамның дұғасы қырық күн қабыл болмайды.
- Арақты адал деу күпірлікке апарады.
- Арақтың кесапатынан ғалымдардын насихатының әсері болмайды.
- Арақ ішу арқылы иманнан жұрдай болып, үмбеттен шығып қалады.
- Арақ ішкенге Қияметте дене мүшелері куәлік береді.
- Еркектік қабілетті бірте-бірте әлсіретіп, мүлде жояды.
- Арақ ішу ананың ішіндегі сәбиге кері әсер етеді.
- Арақ көздің нұрын кетіреді.
- Арақ ішушінің сөзінің, уәдесінің бір пәтуасы да, әсері де болмайды.
- Арақ ішушінің ғұмыры қысқа болады.
- Маскүнемдерді өзінің перзенттері де сыйламайды, құрмет тұтпайды.
- Жан беруі қиын болып, о дүниеде де қатты азап шегеді. Қабірде қатты азап шегеді.
- Ұрпағы жарымжан, кемтар, соқыр, сақау, мылқау, ақылсыз, т.б. болады.
- Арақ ішушінің арақ арқылы тапқан бөтелкелес дос-жарандары еш уақытта опа бермейді, түбінде өзіне қастық ойлап, сатып кетеді.
- Арақ барша жаман күнәлардың көзі, арақ ішкеннен кейін басқа да күнәлар туылып, көбейіп кетеді.
- Арақ ішуші де, қызмет етуші де өте қатты азап шегеді.
- Арақты сатушы да, сатып алушы да қарғысқа ие болады.
- Маскүнемдер жан берерде кәлима шәһадатты айта алмайды.
Ішімдік Алла тағаланың арам қылған нәрселерден болған соң оның берер пайдасымен шипасы болмайтыны белгілі. Мінеки осы зиянды нәрселерден арылып мүлдем ойымен нәпсіге берілмеген құмардан алыс болуын Алла тағала қасиетті құран кәрімде ескертіп, пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадистерінде айтып өткен. Асыл дініміз ішімдікке жақындамауды үгіттеумен туралыққа шақырады.Қадірлі мұсылман қауымы Алла тағала баршамызды туражолда болуын нәсіп етсін, құмар мен ішімдіктен алыс, ізгі салихалы амалдарға жақындатсын.
[1] «Маида» сүресі, 90-92-аят.
[2] Бухари хадистер жинағы
[3] Абу Дауд, Тирмизи хадистер жинағынан.
[4] Ахмад, Хиббан хадистер жинағынан.
[5] Абу Дауд, Ахмад, Ибн хиббан хадистер жинағынан.
[6] Табарани хадистер жинағынан
[7] Табарани хадистер жинағынан
[8] Байхақи, Хиббан хадистер жинағынан.
[9] Ағраф сүресі, 180-аят