Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің мәжіліс залында жергілікті ақпарттық-насихат (ЖАНТ) тобының жаңа құрамда жасақталған мүшелерінің кезекті кездесуі ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы ЖАНТ мүшелеріне алдағы жылы жеке кездесуі бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.  Атап айтқанда,  2019 жылдың жоспарында «Жастар діни терроризмге қарсымыз»,  «Терроризм мен діни экстремизм қауіпті дерт», «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу», «Діни тұрақтылық  барша  Қазақстандықтардың мұраты»,  т.б тақырыптар  негізінде түрлі деңгейдегі іс-шараларды қолға алуды атап өтті.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғани Байсариев тарапынан жеке кездесу жұмыстарының нәтижелігіне, маңыздылығына айрықша тоқталды.

Жалпы, кездесу барысында ЖАНТ тобының жетекшісі Дастан Желеуов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38