ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің найб имамы Мұхамеджан Естеміров Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Әл Мүслим» мешітінің тынысы-тіршілігімен танысу үшін арнайы келді.
Кездесу барысында өкіл имам орынбасары М.Естеміров мешіт жанашырлары әрі мешіттің тұрақты қамқоршыларымен кездесіп және олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Айта кету керек, аталмыш мешітке жуырда ғана Бас мүфтидің бұйрығымен бас имам болып тағайындалған Бекайдар Қымбатовтың ұйымдастыруымен мешіт жанынан замаман талабына сәйкес 800 орындық жаңа мешіт құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ, қалаға қарасты «Абдурахман», «Жәліқұл ата», «Намармат ата», «Саяси қуғын сүргін құрбандары», «Ислам жолы» мешіттерінің күнделікті тыныс-тіршілігі, бухгальтерлік есеп-хисап, кіріс-шығыс т.б. мәселелерімен танысты.
Мұнымен қатар, мешіттердегі уағыз-насихат, діни сауат ашу курстарының барысы дамыту туралы нақты тапсырмалар берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі