Наиб мүфти мешіт жамағатымен кездесті
ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев Шымкент қаласына арнайы келді.
Кездесу барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы іс-сапар аясында Еңбекші ауданы «Имам Ағзам» мешітінде бесін намазында болып, мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.«Тәуелсіздік – ата-бабарымыздың аңсап өткен биік арманы. Біз оны сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыруымз қажет. Мерейлі мерекеміз құтты болсын!», – деді наиб мүфти.
Іс-сапар барысында наиб мүфти Алау Шайқымұлы мен өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев Әл-Фараби ауданы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешіті жанындағы ДСАК жұмысымен танысты.
Шәкірттерге діни білім алудың маңыздылығы мен оған амал ету жөнінде әңгімелеп берді.