Дәстүр бойынша Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде және қалалық «А.Қаттани» мешітінде Құран хатым батасы жасалды. Шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек, облыс және қала әкімдігінің басшылықтары зиялы қауым өкілдері т.б. жамағаттар қатысты.
Биылғы жылғы хатым ету мәртебесі А.Бекайдарұлы А.Аязұлы қариларымыз хатым етті.
Айта кету керек, биылғы жылы қасиетті Рамазан айында облыс көлемінде 95 мешітте Құран хатым етілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі