Жуырда, Шымкент қаласындағы облыстық «Опера және балет» театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен облыстық «Ақыл ойдың азығы – асыл дінім» атты имандылыққа бағытталған дүбірлі ақындар айтысы өтті.
Ақындар айтысын салтанатты ашуға және құттықтау сөз сөйлеуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбекке беріледі.
Айтулы шараны елімізге белгілі, Қазақстанның халық ақыны, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері Қалыбекова Әселхан ашып, жүргізіп отырды.
Дүбірлі айтыста ақындарамыз бес жұп болып айтысты. Алдымен белгілі ақындар Біржан Байтуов пен Қажымұхан Абзалов, Нұрлыбек Мейірманов пен Тұрар Тілеулиев, Нұрғали Әнапия пен Ахметрасул Баянбай, Жарқынбек Наушабеков және Анар Жаппарқұловалар өнер көрсетті.
Айтыс барасында қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы кеңінен баян етілді.
Сондай-ақ, айтысқа қатысқан барлық ақындарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының алғыс хаты мен бағалы кәде-силықтар тапсырылып, кешқұрым Шымкент қаласының имамдары атынан «Кәусар» мейрамханасында ауызашар берілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі