Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Абай ауданына қарасты «Ходжимат домла» мешітіне жаңадан Шамансуров Низамиддин Салахиддинұлы бас имам болып тағайындалды.
Таныстыру рәсіміне Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Бекайдар Әміре қатысып, жамағатқа жаңа бас имамын таныстырды. Сондай-ақ, мешіттің бұрынғы имамы Файзиев Инаятуллаға осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын айтып, алғыс білдірілді.
Шамансуров Низамиддин Салахиддинұлы
18.04.1973 жылы Шымкент каласында туылған.
Білімі:
1979-1989 жылдары Куйбишев атындагы №52 орта мектебін бітірген.
1990-1994 жылдары Өзбекістан Республикасы, Бұхара каласындағы «Мир-Араб» медресесін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1994-2008 жылдары Шымкент қаласындағы «Отес батыр» медресесінде ұстаз.
1999-2001 жылдары «Каттаний» мештінде наиб имам.
2011-2014 жылдары «Ыбрай кажы» мешітінде имам.
2015-2018 жылдары «Беруний» мешітінде имам қызметінде.
2018 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Хожимат домла» мешітіне имам болып тағайындалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі