Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қала аумағындағы имамдар арасында Құран-Кәрім, тәжуид және ақида (сенім) бойынша жарыс ұйымдастырылу басталды. Бұл бастаманы Абай ауданының имамдары ашып берді.
Аталмыш жарысқа Шымкент қаласы бойынша қалалық мешіттің найб имамдары М.Естеміров, М.Сәрсенбаев, ұстаз Осман Өзташ және «Халифа Омар» мешітінің бас имамы Данабек Жұмабековтер төрелік етті.
Осы жарысқа Шымкент қаласына қарасты Абай ауданындағы барлық мешіттердің қызметкерлері (имам, найб имам, азаншы, молда т.б.) арасында іріктеу жарысы болып өтті.
Жарыста топ жарып, үздік шығып, жоғары бал алған жеңімпаздарға өкілдікте 18 қазанда өтетін үлкен жарысқа жолдама берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі