Жуырда ҚМДБ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қаладағы барлық мешіт имамдарына мүмкіндігіне қарай демеуші азаматтарды тарту арқылы апта сайын кемінде бес отбасыға қайырымдылық көмек ұйымдастыру туралы бастама көтерген болатын. Осы игі бастамаға алғашқылардың бірі болып қасиетті жұма күні Шымкент қаласы, Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қайырымдылық шарасы барысында жергілікті кәсіпкер азаматттардың қолдауымен Алла Тағала ризалығы үшін арнайы ірі қара мал сойылып көпбалалы 30 отбасыға ет өнімдері үлестірілді.
Осы шараға үлес қосқан барша азаматтарға «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре арнайы дұға жасап, игі істеріне берекет тіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38