Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Тәжібай ата» мешіті мен «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «#Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы жалғасуда.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты №39 УПП қызметкерлері демеушілік жасады.
Шара аясында Еңбекші ауданы «Тәжібай ата» мешіті нің имамы Берік Арынов бастаған белсенді ерікті топ мүшелері қаладағы 18 блок бекеттеріндегі 300 қызметкерлеріне түстік тамақ таратылды.
Осы орайда, болк бекеттерде күзетте тұрған барша жауапты қызметкерлер мен әсіресе дәрігерлер «#Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасына үлес қосып жүрген мешіт имамдарына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38