Алла тағала жаратқан мақұлықтарының ең ұлысы «Адамзат» болса  сол жұмыр басты жаны бар пенде көптеген сауапты қайырлы ісімен қатар айыпты іскеде бой алдырып жатады . асыл дінімізде бір кісінің айыбын ашқаннан оны жасыру жақсы нәрсе .

Құран кәрім мұсылмандардың айыбын жария етпеу керек екнін мына аятта білдіреді : «Шынымен де мүминдердің ішінде арсыздық жайлауын жақсы көргендерге дүние мен ақыретте күйзелтуші  азап бар.Алла біледі , сендер білмейсіңдер »(«Нұр»сүресі , 19-аят ) .

  Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәлләм ) да : «Кімде –кім мұсылманның айыбын жасырса , қиямет күні Алла да оның айыбын жасырады»,-деген. Бұл тақырыпта айтылған тағы бір хадис мынадай : «Үмбетімнің жасаған күнәсін жария қылғандарынан басқасының бәрі кешіріледі . бір кісінің түнде күнә жасап, алланың оны жасырғанын және жарияламауын талап еткеніне қарамастан ,таңертең  тұрып түнде мынандай іс істедім »деуі жария күнә . Түні бойы раббысы оның күнәсін жасырған ,бірақ таң ата салысымен алланың жасырғанын өзі әшкереледі» .   Яғни бұл хадистен алатын нәрсе жасаған күнә ісіңді жасыру өзгелерді де күнә істеуден сақтаудың бір жолы .          Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам )  кісінің айыбын жасырудың бір хикметі ол кісінің сол айыпты ісін ашық жасауға жол бермеу , себебі пенде ұялып ,жасырған ісі әшкере болған жағдайда,ол бәрі-бір жария болды деп , ол істен тиылмай жалғастыра түседі . Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам ) тағы бірде : «Тың тыңдаған адамның құлағына қиямет күні ерітілген қорғасын құйылады »,деген екен.

Адамдардың ізін аңду ,кем-кетігін шұқылау жиркенішті қылық . Әсіресе ,бүгінгі жариялылық үстемдік құрған уақытта бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамда құлап жатқан бір кісіні көрсек те ,қолынан демеп тұрғызудың орнына қалтамыздан ұялы телефонды алып ,әлеуметтік желіге жүкткеп , жаны мен қатар арын да азаптап жатамыз .

Дініміз адамдардың басқан ізін аңдып ,жеке істерін жария қылуға тыйым салады. Алла тағала Құранда: «Уа, мүминдер , бір-біріңді аңдымаңдар»,- деген ( «Хужрат» сүрсі ,» 12-аят).  

Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам ) : «Күмәншіл болудан сақтаныңдар. Орынсыз күмән –сөздің ең жалғаны .Жел сөзге құлақ түрмеңдер .-деген. Жұрттың айыбын іздемеңдер »,-деген.Тағы бірде: «Мұсылмандардың бойынан мін іздеп бәлеге соқтықпаңдар ,» деп түсіндірген .Абдуллаһ ибн Масғудтың (р.а.)алдына жазаға тарту үшін бір адамды : «Бұл сақалынан шарап тамған тамған пәленше деген маскүнем »деп алып келеді . Сонда ибн  Масғуд  бұларға қарап тұрып : «Біз адамдардың кем-кетігін тексеруден тыйылдық  . Өздігінен көзге бадырайып көрініп тұрған кемшілік болса , оның жөні бір басқа . Оған шара қолданамыз»,-деген екен.

Дінімізде берілетін жаза кісінің сыртқы тұрқына емес , қия басқан қадамына , қисық қимылына қарап тағайындалады . Кесімді билік айту үшін нақты айғақ қажет . Исламда жария түрде күнә істеген , не болмаса қылмысы дәлелденген адамдарған ғана жаза берілген.

Айша анамыз (р.а.) айтуынша  Адамзаттың асыл тәжі ардақты Пайғамбарымыз (саллалаһу аләйһи уә сәллам ) өзінің  өнегелі өмірінде ешкімнің қателігін көзіне шұқып көрсетіп , қателігін көзіне шұқып көрсетіп  бетіне баспаған. Қате істі байқаған сәтінде  сол кісінің атын жарияға жар салмай , мешітке жиналған жамағатқа жалпылама ескерту жасайтын. Елге қарата «Араларыңыздан кей кісілерге не болған , осындай –осындай жамандыққа бой беріп жүр»дегенде , кімге қарата айтылғанын әлгі адамның өзі іштей сезіп  көп өтпей сол қателігін түзететін.

Ешбір пайғамбар өз үмбетінің қателіктерін жіпке тізу арқылы оларды имандылыққа тәрбиелемеген.Иса пайғамбар(а.с) бірде: «Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса , қайтер едіңдер ?»-дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз»,- деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.) : «Қайдам , қайта жабық тұрған жерлерін  қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар », -дегенде,  ол өз сөзінің астарын была деп түсіндіреді : «Біреудің  айыбын  жасыру –ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу- ашылмаған жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең . Бұл өте үлкен тәрбиесіздік  »,-деген еді .

Алла тағала Отанымызға отбасымызға Иман Ислам нығметімен қоса тыныштық амандық денімізге саулық нәсіп етсін .

Абдухаимов Сапарғали  ҚМДБ, Шымкент қаласы “Әкбар қажы”  Шәкірбай  мешіті  имамы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38