Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Исамиддин баба» мешітіндегі әйелдер жамағатына арналған діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран жарысы өтті. Сайыс алдында «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы Якияев Иса қасиетті Құран кәрімді оқудың артықшылығы жайлы бірер сөз қозғап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мешіттің шәкірттері арасында өткен бұл сайыста жас ерекшеліктері мен қабілет-қарымы әртүрлі 37 шәкірт бақ сынады. Ең жасы үлкен шәкіртіміз – сексенді сеңгірлеген Ханзада апамыз болса, ең жасы кіші шәкірт – 9 жастағы Фатима қызымыз.

Аталмыш жарыс үш деңгейде, атап айтсақ, құранның соңғы жарты бөлігін жатқа айту мен мәнерлеп оқу, «аср» мен «нәс» сүрелерінің аралығын мәнерлеп оқу бойынша өтті. Сайыста «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары – Айтметова Хадиша, Әбдірасыл Зейнеп және Нұр-Мүбарак университетінің 3-курс студенті Маханбет Айбану төрелік етіп, қатысушыларға әділ бағасын берді.

Жарыс жеңімпаздары:

Жарты параны жатқа айту бойынша:

 1-орын: Ташболатова Муслима

2-орын: Исабаева Рабия

 3-орын: Сулейменова Нурила

Жарты параны мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын: Тілесбаева Айсалқын

2-орын: Бақтығалиева Зайнаб

3-орын: Исабаева Назира

Қысқа сүрелерді мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын: Ибраева Әмина

2-орын: Бақтығали Фатима

3-орын: Ахметова Лаура

Жарыс соңында Яхия имам жеңімпаздарды құттықтап, сайысқа қатысушыларға сертификат пен алғыс хат, қаржылай сыйлықтар табыстап, ең үлкен сый-қасиетті Құран кәрімді сыйға тартты. Ұлыстың ұлы күніне сай келген шарадан соң қатысушылар мен қонақтарға дастархан жайылып, ас берілді.

Шәкірттердің қасиетті Құран кәрімді оқуға деген талпынысын арттыратын (демеушілердің қолдауымен өткен) мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын тауып, бұдан да кең көлемде ұйымдастырылады деген сенімдеміз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38