намаз

Діңгектердің арасына тұрып намаз оқуға болмай ма?

Діңгектердің арасына тұрып намаз оқуға болмай ма?

Намаз, Сұрақ-жауап
Ассаламуғалайкум, құрметті Бас имам! Біз мешіттен екі діңгектің (тіреу) арасына тұрмайтындарды жиі көріп жүрмін. Сонда, шынымен де діңгектердің арасына тұрып намаз оқуға болмай ма?Уағалайкум ассалам уа рахматулла уа баракатуһ! Құрметті Айгүл Даулетбаева, әуелі, жолдаған сауалың үшін алғысымды білдіремін. Мешітте екі діңгектің ортасында намаз оқуға болады. Шариғат бойынша, мешіт тіреусіз соғылсын, яки тіреулердің арасында намаз оқуға болмайды деген шешім жоқ. Өйткені күллі ислам әлемінің қыбыласы Кағба ішінде де тіректер орналасқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Кағбаға кіріп намаз оқығанда екі діңгектің арасында намаз оқығанын баяндаған хадистер бар.
Ораза ұстап, зекет беріп, бірақ намаз оқымау қаншалықты дұрыс?

Ораза ұстап, зекет беріп, бірақ намаз оқымау қаншалықты дұрыс?

Намаз, Ораза, Сұрақ-жауап
Әрине, ислам дінінде әрбір құлшылық жеке-жеке әмір етілген. «Бір құлшылықты орындамасаң, басқасын да орындауыңа болмайды» деген қағида жоқ. Себебі, пенде о дүниеде әр құлшылығы үшін жеке жауап береді. Дегенмен, осы аталған құлшылықтардың бәрін бізге әмір етуші бір ғана Жаратушы иеміз. Яғни, намаз да, ораза да, зекет те Раббымыз тарапынан әмір етілген. Сондықтан, олардың бәрін Раббымыздың әмірі деп біліп, орындауға бар құлшынысымызбен тырысуымыз керек. Нәпсімізге жеңіл келгенін орындап (себебі парыз оразаның уақыты жылда бір мәрте ғана келетіндіктен күнде бес уақыт орындалатын намазға қарағанда нәпсімізге жеңілдеу келуі мүмкін. Сондай-ақ зекет беру кезінде де адамның дәрет алу, намаздағы секілді қимылдарды орындауы қажет болмағандықтан әрі ол да жылына бір мәрте ғана орындалатындықтан н
Намаз кезінде сәби жайнамазға «кіш» етіп қойса, таза жайнамазға қайта намаз оқу керек пе?

Намаз кезінде сәби жайнамазға «кіш» етіп қойса, таза жайнамазға қайта намаз оқу керек пе?

Намаз, Сұрақ-жауап
Намазға дейін жасалатын абзал істің бірі – тұла бойдағы, киімдегі және намаз оқитын жердегі ластықтарды тазалау. Бұл намаздың жарамды болуы үшін керекті шарт. Егер бір кісі намазын өтеп болып, артынша денесінен немесе киімінен, яки намаз оқыған жерінде намазға кедергі келтіретін мөлшерде нәжісті көзі шалған болса, сол жерді тазалар намазын қайта өтеуіне тура келеді. Ал енді сіздің сұрағыңызда айтылғандай, намаз оқу үшін төсеген жайнамаздың (төсеніш) бір шетіне нәжіс тисе немесе төгілсе, бірақ тура намаз оқыған жерінде жоқ болса оқыған намазы жарамды болып саналады. Төсеніш үлкен, мейлі кіші болса да бәрібір. Кісінің тұрған жері мен сәждеге баратын жері таза болса, намазға кедергі емес. Сондай-ақ, нәжіс жердің үстіне таза нәрсе төселіп, ол нәжіс жоғары жағына өтпесе намаз жарамды, ал
Сүннетті тәрк ету күнә ма?

Сүннетті тәрк ету күнә ма?

Намаз, Сұрақ-жауап
Құран кәрім және Пайғамбарымыздың хадистерінде сүннеттің мұсылман өмірі үшін қаншалықты маңызды екені ерекше атап көрсетілген.  Ұлы Жаратқан Құран кәрімде мұсылмандарға қарата: «Аллаға және және оның сөздеріне иман еткен үмми пайғамбарға иман келтіріңдер және оған мойынсұныңдар, сонда нағыз тура жолды табасыңдар» дейді («Ағраф» сүресі, 158). «Нұр» сүресінің 54- аятында «..Егер оған (пайғамбарға) мойынсұнсаңдар, тура жолды табасыңдар» делінген. Басқа бір аятта: «Елші сендерге не берсе, соны алыңдар және неден тыйса, содан тыйылыңдар» («Хашір» сүресі, 7) десе мына бір аятта:  «Егер, Алланы жақсы көрсеңдер, маған бағыныңдар, сонда Алла тағала да сендерді жақсы көреді…» («Әли Имран», 31) деу арқылы Пайғамбарымыздың сүннетін ұстанудың өлшемдерін
Жұма намазы тек мешітте ғана оқыла ма?

Жұма намазы тек мешітте ғана оқыла ма?

Намаз, Сұрақ-жауап
Жұма намазының парыз болу шаттарымен қатар дұрыс болу шарттары да бар. Осы шарттар орындалған жағдайда ғана жұма намазы дұрыс болып саналады. Бұл шарттар: Жұ­ма оқы­ла­тын жер­дің қа­ла не­ме­се қа­ла­ға лайық бо­луы қа­жет. Бұл жайлы сахаба Әли (р.а.): «Жұ­ма на­ма­зы, тәш­риқ тәк­бір­ле­рі, Ра­ма­зан жә­не Құр­бан айт на­маз­да­ры нө­пір қа­ла не­ме­се ай­мақ­тар­да оқы­ла­ды», – дейді. Имам Ағ­зам осы­ған қа­рап, үкім шы­ғар­ған. Яғ­ни, оның көз­қа­ра­сы бойын­ша, әкі­мі, кө­ше­сі, ба­за­ры, бар оты­рық­ты жер – «нө­пір қа­ла» бо­лып са­на­ла­ды. Әбу Юсуп бойын­ша, хал­қы үл­кен ме­шіт­ке сый­май­тын­дай қа­ра­құ­рым бол­ған жер­лер­ді қа­ла са­на­са, Имам Мұ­хам­мед бас­шы­лар­дың қа­ла са­на­ған жер­ле­рін қа­ла деп есеп­тейді. Жұ­ма на­ма­зы ша­ғын оты­рық­шы жер­лер
Намазда айтылатын салауаттардан басқа тағы қандай салауаттар айтқан жөн?

Намазда айтылатын салауаттардан басқа тағы қандай салауаттар айтқан жөн?

Намаз, Сұрақ-жауап
Намаздағы салауаттармен қатар мына салауаттарды да айтқан жақсы: Аллоһумма салли ала Мухаммадин уа әлә әлиһә уә сахбихи уә сәллим! Мағынасы:Уа, Алла Тағалам, Мырзамыз Мұхаммедке және оның обасына салауат айтып сәлем жолдаймыз! Аллоһумма салли ала Мухаммадин уә әнзилһу әл-муқадәл-муқорраба индәкә иәумәл-қияма Мағынасы:Уа, Алла Тағалам, пайғамбарымыз Мұхаммедке салауат айтамыз. Қиямет күнінде Оны Өзіңе жақын (Мақаму Махмуд) мақамға орналастырғайсың! Аллоһумма салли ала сәийдина Мухаммадин тиббил-қулуби уә дәуәиһә уә афиәти-әбдәни уә шифәиһа уә нурил абсори уә дияиһа уә ала әлихи уә сахбихи уә сәллим! Мағынасы:Уа, Алла Тағалам, Жүректедің емшісі және дауасы, тәндерге шипа беріп, қуат сыйлаушысы, көздердің нұры һәм жарығы Мұхаммедке, оның пәк отбасы мен адал сахабаларына сал
Әйеліммен оқылған намаз жамағатқа санала ма?

Әйеліммен оқылған намаз жамағатқа санала ма?

Намаз, Сұрақ-жауап
Ассаламу алейкум. Ер адам өзінің əйелімен оқыған намазы жамағатқа жата ма? Мұрат Н. Жауап Уа алейкум ассалам. Иə, ер мен əйелінің бірге оқыған намазы жамағат болып саналады әрі Алланың қалауымен жамағат сауабын алады. Бұған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): "الاثنان فما فوقهما الجماعة" «Екі адам және одан көбі жамағат»[1], – деген хадисі дәлел болмақ. Имам Нәуауи бұған қатысты: «Егер адам өз үйінде досымен, әйелімен немесе баласымен бірге намаз оқыса, жамағаттың артықшылығына қол жеткізеді. Алайда, мешітте оқығаны абзалырақ»,[2] – деген. Сәттілік иесі Алла ғана. Айбек ӘбдіқадырMuslim.kz сайтының діни сарапшысы [1] Ибн Мажа, Хаким[2] Раудатут-талибин
ЕКІ НАМАЗДЫ БІР УАҚЫТТА ҚОСЫП ОҚУ МӘСЕЛЕСІ

ЕКІ НАМАЗДЫ БІР УАҚЫТТА ҚОСЫП ОҚУ МӘСЕЛЕСІ

Мақалалар, намаз
Әдетте осы мәселе төңірегінде сұрақ көп туады. Ең алдымен әрбiр намазды өз уақытында оқу парыз екендігін есте сақтағанымыз жөн. Өйткенi уақыт — намаздың бiр шарты. Алла Тағала Құран Кәрiмде:  «Расында намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз қылынды»,[1]-деген. Басқа бір аятта:   «Намаздарға, сондай-ақ орта намазға сақтық жасаңдар. Әрі Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар»[2]-делінсе, тағы бір аятта:  «Түннің күндiзге таяу кезінде намазды толық орында …»,[3] - деп бұйырылған. Бұған қоса Жәбірейл (ә.с) Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бес уақыт намаздың уақытын арнайы бiлдiрiп, намазды уақытында оқуды үйреткен. Мұнда бiр уақытта екi намаз оқу жоқ.[4] Әр намазды өз уақытында оқу қағидасынан тыс қажылардың Арафатта бесiн мен екiнтi намазын бесiн уақытында; Муздалифада ақшам мен құптан
НАМАЗДАҒЫ  МӘКРУҺ  УАҚЫТТАР

НАМАЗДАҒЫ МӘКРУҺ УАҚЫТТАР

Мақалалар, намаз
Парыз намаздары үшін мұстахаб уақыттың болғаны сияқты оның мәкруһ уақыттары да болады. Намаздың мәкруһ уақыттарының үшеуi Уқба бин Әмр әл-Жухани (р.ә) риуаят еткен хадисiнде айтылған: «Үш уақыт бар. Алланың елшісі (с.ғ.с) бiзге бұл уақыттарда намаз оқуға әрі мәйіттерімізді жерлеуге тыйым салды. Бұлар: күн шыққаннан бастап көтерiлгенге дейiнгi уақыт, күн дәл төбеге келген тұстан бастап түс ауғанға дейiн, күн батуға айналған уақыт».[1] Бұдан басқа мәкруһ болып есептелетiн тағы да екi уақыт Әбу Сайд әл-Худри (р.ә) риуаят еткен мына хадисте айтылған. Ол «Мен Алланың елшісінің (с.ғ.с): «Таң намазынан кейiн күн шыққанға дейiн намаз жоқ. Екiнтi намазынан кейiн күн батқанға дейiн намаз жоқ»,[2]-деп айтқанын естідім»,- деген. Яғни, бұл екi уақытта да намаз оқуға тыйым салынған. Бұл екi хадист
НАМАЗДАҒЫ МҰСТАХАБ (абзал) УАҚЫТТАР

НАМАЗДАҒЫ МҰСТАХАБ (абзал) УАҚЫТТАР

Мақалалар, намаз
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахаб немесе абзал екендігі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тікелей iс жүзінде өзі орындауы арқылы әрі берген кеңестері арқылы белгiленген. Бұл бойынша: Таң намазын айналаға жарық түсіп, төңірек айқын көрінген уақытта өтеу туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткенi мұның сауабы көбiрек».[1]-деген Таң намазының кешiктiрiлуi жамағаттың көбеюiне себеп. Жамағатқа қатыспайтын болса әйелдердің таң намазын қараңғыда оқығаны абзалырақ. Сонда олар көзге түспейді. Таң намазынан басқа намаздарда әйелдер ер кісілер жамағатының мешіттен тарағанын күткендері дұрыс. Бесiн намазын жазда кешiктiрiп оқу мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бесiн намазын салқында оқыңдар. Өйткенi ыстықтың деңгейі жәһәннам ыстығының деңгейіндей»,[2]-деген. Ал, қыс мез