ДСАК

Бір әріпі он сауап болған Қасиетті Құранды оқуға асығыңыздар!

Бір әріпі он сауап болған Қасиетті Құранды оқуға асығыңыздар!

ДСАК, Жаңалықтар
Құран – ұлы періште Жәбірейіл (ғ.с.) арқылы хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етілген Алла тағаланың сөзі. Оқиғалардың ұрымтал кезінде, зердеге тез түйіп, тыңдағандар құлағына құйып алуға жеңіл етіп 23 жыл бойы түскен. Содан бері оның бір сөзі де, бір әрпі де өзгермеген және өзгермейді де. Өйткені, оның қорғаушысы Өзі екенін Алла тағала Құран Кәрімде: “Құранды біз түсірдік, оны қорғайтын да өзіміз” (“Хижр” сүресі, 9-аят), – деп ескерткен. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, "Найман баба" мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсы (ДСАК) бойынша және мешіт имамы Баймуратов Ержан имамның ұйымдастыруымен әр дүйсенбі сайын 7 жастан 70 жасқа дейінгі талапкерлерге Құран әліппесінен дәріс өтіліп жатыр. Алла тағала осындай қасиетті ілімді үйретіп жатқан имамымызға да, ынта-жігер
Жас шәкірттерге велосипед табысталды (ФОТО)

Жас шәкірттерге велосипед табысталды (ФОТО)

ДСАК, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент қаласы, Абай ауданы  «Торлан» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан жас шәкірттер арасында сайыс өткізілді. Жарысты «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан Назаров пен найб имамы Манас Құрбанбековтердің бастамасымен екі ай бойы жалғасып,  қорытынды сайыс жария  еткен болатын.  Нәтижесінде  «Ең көп сүре жаттау» және «Сұрақ-жауап» атты екі аталым бойынша бақ сынаған шәкірттер арасында 1-ші орынды Мұхтар Өсербаев, 2-ші орын Әзіретәлі Байзақ, 3-ші орын Аяна Жаулан ие болды. Жарыс жеңімпаздарына  мешіт тарапынан велосипед пен арнайы алғыс хаттар табыс етілді. Айта кету керек, осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болып шешілді. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДСАК шәкірттеріне сыйлық берілді

ДСАК шәкірттеріне сыйлық берілді

ДСАК, Жаңалықтар, Іс-шаралар
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп,  мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында (ДСАК) тәлім алып жүрген қыз-балаларды ынталандыру шарасы ұйымдастырды. Өздеріңізге белгілі, соңғы кездері мешітке келіп, діни біліктілігін арттыруды мақсат еткен жастарымыздың саны артып келеді. Бұл өз кезінде жастардың түрлі теріс ағымдар мен өзгеде кереғар әдеттерден арылуға сеп болады. Осы мақсатты негізгі алған мешіт имамы әрі қалалық  «Зекет»  қорының жетекшісі Айбек Әзімбаевтың бастамасы аясында игі шара қолға алынып отыр. Дәлірек айтқанда,  мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып,  нәтижесінде Құранды өздігінен оқи алатын шәкірттерге ынталандыру, жігерлендіру үшін арнайы сыйлықтар берілді. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілд
«Исамиддин баба» мешітінде Құран жарысы өтті (фото)

«Исамиддин баба» мешітінде Құран жарысы өтті (фото)

Әйел-қыздар секторы, ДСАК, Жаңалықтар, Іс-шаралар, Фотогалерея
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Исамиддин баба» мешітіндегі әйелдер жамағатына арналған діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран жарысы өтті. Сайыс алдында "Исамиддин баба" мешітінің бас имамы Якияев Иса қасиетті Құран кәрімді оқудың артықшылығы жайлы бірер сөз қозғап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мешіттің шәкірттері арасында өткен бұл сайыста жас ерекшеліктері мен қабілет-қарымы әртүрлі 37 шәкірт бақ сынады. Ең жасы үлкен шәкіртіміз – сексенді сеңгірлеген Ханзада апамыз болса, ең жасы кіші шәкірт – 9 жастағы Фатима қызымыз. Аталмыш жарыс үш деңгейде, атап айтсақ, құранның соңғы жарты бөлігін жатқа айту мен мәнерлеп оқу, "аср" мен "нәс" сүрелерінің аралығын мәнерлеп оқу бойынша өтті. Сайыста «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары - 
ДСАК. Әжелер арасында сайыс өтеді

ДСАК. Әжелер арасында сайыс өтеді

Әйел-қыздар секторы, ДСАК, Жаңалықтар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қалалық өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторының бастамасымен "Әжелер - көңілдің ажары, немере - өмірдің базары" атты әжелер арасында сайыс өтеді. Сайыстың шарттарына Құран, хадис аясында қисса, Пайғамбар с.а.с. өміртарихынан үзінділер т.б. тақырыптар жатады. Өтетін орны: "Halifa al-Nahaian aqmeshiti" орталық мешіті, 21 наурыз сағат 11-00. Барлық сұрақтар бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз жауапты.
ДСАК, Қыздар арасында Құран оқу жарысы өтті

ДСАК, Қыздар арасында Құран оқу жарысы өтті

ДСАК, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент. 14 наурыз. SHARIGAT.KZ - Жуырда Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында "Өзбек драма театрының" ғимаратында Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан жергілікті мешіттерге қарасты діну сауат ашу курстарының оқушы қыздары арасында жарыс өтті. Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Ташходжаев Назирхан және Қаратау ауданының бас имамы Желеуов Дастан арнайы қатысты. Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бес пара және жарты пара яғни Құранның 30-шы парасының жартысы бойынша өтті. Жалпы бес пара бойынша оза шыққандар: 1-ші орын, Бурханова Марям 2-ші орын, Абдураимова Лобар 3-ші орын, Есенгелді Жанна Жарты пара бойынша: 1-ші орын, Юлдашкулова Айша 2-ші орын, Шаисмаилова Марям 3-ші орын иегерлері: Назарматова Маърифа
ДСАК, Ынталандыру сыйлықтары берілді

ДСАК, Ынталандыру сыйлықтары берілді

ДСАК, Жаңалықтар, Іс-шаралар
Шымкент. 14 наурыз. SHARIGAT.KZ - Бүгінгі күні Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты "Торлан" мешітінде тұрақты діни сауат ашу дәрістері жүргізілуде. Оқушылар арасында ынталандыру мақсатында айлық жарыстар ұйымдастырылып отырады. Жарыстан оза шыққандарға сыйлықтар беріледі. Бүгінгі сыйлықтар да өз иелерін тапты. Сондай-ақ ата-аналар да діни сауаттарын көтеру бойынша да дәрістер ала алады. Сабақ беретін ұстаздар «Торлан» мешітінің бас имамы Назаров Галымжан мен ДСАК тұрақты ұстазы Алдабергенов Жандос.