Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Әл Біләл» мешітінің бас имамы Туленов. Д. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімі Ғалымжан Молдабайұлымен кездесіп бірқатар мәселелерді көтерді. Бұрын аудандық мешіті болған «Сейіткәрім қажы» мешітінен «Әл Біләл» мешітіне ауысқанын хабарлады, өйткені мешіттің үлкен жолдың бойында орналасқаны мешіттің күрделі жөндеуден өткені және жанындағы білім ошағы «Жазғы сауат ашу» курсының барлығы тағы басқа себептермен ауысқандығын жеткізді. Әкім орынбасарымен бірігіп аудан мешіттерді тазалығын, хал – ақуалын, кем – кетістіктерді білу мақсатында аралауды жоспарға алды.
«Әл-біләл» мешітінің баспасөз қызметі