Шымкент қаласы орталық мешітіне Ресей елінің екі азамты көмек сұрап келді. Олардың айтуынша Ресейден шығып, саяхат жасау мақсатымен жүрген азаматтар екен. Бірақ та бір себептермен ақшаларын жоғалтып жолда қалып кетіпті. Сапрада қалған жандарға көмек беру исламда үлкен сауап екенін бәріміз білеміз. Сол себепті Шымкент қаласы орталық мешітінің зекет қорының ұйымдастыруыменен жолда қалған мүсәпірлерге қаржылай қайырымдылық көмек жасалды. Көмекке қол жеткізген Ресей азаматтары Шымкент орталық мешітінің имамдарына өз рахметтерінен жаудырып, ризашылықтарын айтып жолға шығып кетті.
«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады». («Сәбә» сүресі, 39-аят).
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі