«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдыңнан шығады» дегендей. Шымкент қаласы орталық мешіті зекет қорының өкілі А.Әзімбаев имамның ұйымдастыруыменен Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық іс-шара болды.  Яғни, Шымкент орталық мешітіне көмек сұрап келген, қария кісілердің дәрі-дәрмегіне ақшалай көмек берілді.  Қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай. Жақсы лебізді сөзбен де, қария кісілерге қамқорлық жасаумен де, қайырымдылық жасалды. Көрсетілген қайырымдылыққа мұқтаж жандар өз ризалықтарын білдірді.  Орталық мешітінің зекет қоры өкілі Айбек Әзімбаев Алла қаласа осындай игі іс-шаралар осымен аяқталмай əліде өз жалғасын табатынын жеткізді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38