Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Еңбекші  аудандық орталық  «Әл-Біләл» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды.

Таныстыру рәсіміне Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Ахметжан қажы Керімбек қатысып, жамағатқа жаңа аудан бас имамын таныстырды. Сондай-ақ, мешіттің бұрынғы имамы Темур Аманқұловқа осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын айтып, алғыс білдірілді.

Туленов Дәулет Дүйсенбайұлы туралы:

Діни білімі:

Туленов Дәулет Шымкент қаласындағы халықаралық Қазақ-Араб» университетінің «Тарих және философия» факультетін бітіріп, 2006 жылы Египет Араб Республикасы, Каир қаласында «Әл-Әзһар» университетіне тапсырып «Иғдади, Санауийді» бөлімдерін тәмәмдап, аталмыш университеттің «Дін негіздері» факультетінде 2 – жыл ілім алды.

Еңбек өтілі:

2010- 2011 ж.ж аралығында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы елшілігінде  кеңесшінің, консулдың көмекші аудармашы және комендант қызметін атқарды (штаттан тыс).

2011-2013 ж.ж аралығында Каир қаласында «Әл-Әзһар» университетінде оқитын Қазақстандық студенттердің арасында елшілік тарапынан староста болып бекіген.

24.11.2013 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде найб имам және ұстаз қызметін атқарды.

2014-2015 ж.ж аралығында «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы болып қызмет атқарды.

01.09.2015-11.02.2016ж.ж «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығында» теолог маманы болып қызметін атқарды.

11.03.2016-25.10.2017 ж.ж ОҚО Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінде және «Шымкент медресе колледжін»-де ұстаз қызметін атқарды.

25.10.2017 жылдан бастап ОҚО Шымкент қаласы «Сейткәрім Қажы» мешітінде найб имамы 16.03.2018 жылы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Сейткәрім Қажы» мешітіне бас имамы қыметтерін атқарды.

Алла жұмысына береке һәм жеміс тілейміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38