Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің Қаратау аудандық орталық «Байғұт баба» мешітіне тәжірибелі, білімді, түрлі кереғар ағымдармен жұмыс бойынша нағыз маман Желеуов Дастан Сүлейұлы бас имам болып тағайындалды.

Бас мүфтидің бұйырығын таныстыру үшін  Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұсабек қажы Ақтамберді барып, жамағатқа уағыз айтып, таныстырып, бұрынғы имам Қанатбек Кенжебековтің иығына шапан жауып, жұмысына береке тіледі.

 

Желеуов Дастан Сүлейұлы туралы

Діни білімі:

Желеуов Дастан – 1998-2001 ж. Египет Араб Республикасы Каир қаласы, Әл-Әзһар институты, дінтану факультеті тамамдап, 2001-2006 ж. Египет Араб Республикасы Каир қаласы, «Айн-Шамс» университеті «филология» факультетін бітіген.

Еңбек жолы:

2009-2013 ж. Шымкент қаласы «Қождан ата» мешіті ұстаздық қызмет.

2013-2014 ж. ОҚО бойынша  өкіл имам орынбасар қызметті.

2014-2017 ж. ОҚО Шымкент қаласы «Қождан ата» мешітінің бас имамы және Абай аудан бас имам қызметтерін атқарған.

Әріптесімізге жеміс пен сәттілік тілейміз.

 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38