Ордабасы ауданы, Қайнар және Бөржар ауылы имамдарының ұйымдастыруымен, «Бір баланы киіндір», «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға қатысып жатқан әр балаға керекті мектепке қажетті формалары дәптер кітаптары әперілді. Қайнар ауылынан 435000 теңге 20 балаға, Бөржар ауылынан 120000 теңге 6 балаға жұмсалды. Және бір кәсіпкер ағамыздың демеушілігімен Қайнар ауылының жағдайы төмен үйлерге 70 қап ұн, Бөржар ауылына 40 қап ұн таратты. Алла Тағала қайырлы іске ат салысқан азаматтарға разы болып, кәсіптеріне, отбасыларына береке беріп, екі дүниенің бақытын берсін.