ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбектің қатысуымен Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті. Шараға жергілікті кәсіпкерлер, ұлы отан соғысының ардагерлері, қала тұрғындары және мешіт жамағаты шақырылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарынеске алу мақсатында арнайы сегіз жүз (800) адамға дастархан жайылып, Құран бағышталды. Облыс имамы: «Құрбан болған ата-бабаларымыздың төгілген қаны, бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруіндегі үлесі орасан зор»,-деп, еліміздің және халқымыздың бірлігі үшін дұға етті.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі