Бүгін Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Шараға көп балалы жанұялар мен аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты. Қайырымдылық іс- шарасына аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Исаев және бір топ ардагерлер, әжелер алқасы ұйымы, аудан имам- молдалары болды. Найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы іс- шараға келген бүлдіршіндер мен барша қатысушыларды алдағы келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен және де жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар, діни һәм зайырлы білім алып, Отанымызға және асыл дінімізге қызмет ету- мұсылмандардың ең үлкен міндеті екендігін тілге тиек етті. Қайырымдылық акциясына қала- ауыл мешіттері де ат салысты. Мешіт имамдарының ұйытқы болуымен атқарылған шара барысында 100 балаға мектеп формасы және сөмке, оқуға қажетті құралдар берілді.

Шара соңында ата- аналар алғыстарын айтып, аудан ардагерлері мешіт тарапынан көрсетілген көмектерге ризашылықтарын жеткізіп, ақ батасын берді. Найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

мектепке

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38