SAM 353

 SAM 353

Қасиетті Шағбан айының қарсаңында ОҚО, Шардара қаласынан бой көтерген Алла Тағаланың жердегі үйі – мешіттің ашылуы. Мешіт үйінің ашылуына Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Айтуреев, Шардара ауданының әкімі А. Абдуллаев, ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек және елімізге белгілі бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты жиынды ОҚО өкіл имам Ахметжан қажы Пірәліұлының қасиетті Құран Кәрімді оқуымен басталды. Өкіл имам Керімбек Ахметжан қажы Пірәлұлы ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізіп, ұрпақтар үшін осындай ұлық іс жасаған Бақытжан қажы Қыпшақбайұлына Бас мүфти атынан алғысын білдірді. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда 2370 – ке жуық мешіт ел игілігіне қызмет атқаруда. Өздеріңіздің жерлестеріңіз, біріңіздің балаңыз, біріңіздің ініңіз болатын кәсіпкер Серманизов Бақытжан қажы Қыпшақбайұлы бүгін үлкен сауапты іс жасады. Алла Тағала бүгінгі шынайы ықылас ниеттімізді қабыл етсін. Мына сәулетті мешіттеріңіздің іші жамағатқа толсын. Алла Тағала баршаңызға шапағат нұрын сепсін. Жаңадан ашылып жатқан Әбу Мансур әл – Матуриди мешітіне тағайындалған бас имам Нұршәріп Шәдекұлына қасиетті Құран Кәрімді табыс етті. Мешіттің салтанатты ашылуында сондай – ақ, облыстық мәслихат хатшысы Қ. Айтуреев, Шардара ауданының әкімі А. Абдуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Ағманов сөз сөйлеп, елді имандылыққа, ізгілікке жұмылдыратын мешіт үйінің ашылуымен қала тұрғындарын құттықтады. Қасиетті жұма намазында өкіл имам А. Керімбек «Бірлік пен татулық елдігіміздің нышаны», – атты тақырыбында уағыз айтып, «Сарыағаш» медресесінің ұстазы Абдужаппар Смановқа уағыз кезегін ұсынды.


Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 SAM 353

 SAM 354

 SAM 355

 SAM 356

 SAM 357

 SAM 358

 SAM 359

 SAM 360

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38