SAM 352

 SAM 352

Менің таңдауым Ханафи мазхабы Шардара қаласы Шардара мектеп лицейдің жоғарғы сынып оқушыларымен. «Менің таңдауым Ханафи мазхабы», атты – тақырыпта кездесуге қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров қатысты. Аудан имамы сөз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қарауындағы барлық мешіттер Әбу Ханифа (р.а) мазһабы бойынша діни жол, мектеп ұстанып, соған қарай амал етеді. Әбу Ханифа (р.а) мазһабын насихаттау бұл Ханафи мазһабын басқа мазһабтардан артық санау емес, еліміздегі мұсылмандардың ауызбіршілігін, ынтымағын сақтау мақсаты. Себебі біздің өлкемізде 1000 жылдай уақыт Имам Ағзам мазһабында тәлім беріліп, ата – бабаларымыз осы тәліммен амал қылып келген, біз де амал қылудамыз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала «Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойұсыныңдар, Пайғамбарға бойұсыныңдар әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де», – деп басшыға бойұсынуды әмір еткен.
Діннің даңғыл, сүннеттің сара жолын ұстанған қазақ елі ешуақытта шариғаттан аттап шықпаған. Бұл бізге атадан мұра боп қалған құнды жол.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38