Жуырда,  Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы болып тағайындалған Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы Шымкент қаласындағы бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Бақтыбай Қыдырбайұлы алдымен Шымкент қаласына қарасты Абай ауданындағы «Абдурахман», «Атамекен» мешіттерінде болып, мешіт имамы Қазыбек Сарыбаев пен Бақтияр Байтелиевтердің атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.

Қала имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы кездесу барысында мешіттердегі діни іс шаралар, мешіттердің ішкі-сыртқы тазылығына, құжаттарының толық болуы, бес уақыт намаз, уағыз-насихат, түрлі кереғар ағым мүшелерімен тұрақты жұмыс жүргізу т.б. мәселелер туралы нақты тапсырма берді.

Осыдан кейін, Әл-Фараби ауданы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінде болды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, қалаға қарасты  ҚМДБ филиалы болып тіркелген 104 мешіт  жұмысымен жеке-жеке танысу көзделуде.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38