Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі. Шымкент қаласы өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тапсырмасымен. Шымкент қаласы орталық мешітінде, 2018 жылғы жазғы діни сауат ашу курсында ілім алып жатқан қыздар бөлімінің 65 шəкіртіне, курстың бірінші кезеңін бітіргені үшін арнайы сертификат табысталды. Курста қасиетті Құран оқу және қысқа сүрелер жаттаумен қоса, негізгі діни мағлұматтан дəрістер өтілді. Курс шəкірттеріне оқулық ретінде Шəкəрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» жəне Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты екі кітабынан дəрістер жүргізілді. Курсымызда «Сарыағаш» және «Шымкент» медресе-коллеждерін бітірген білікті ұстаздар дəріс өтуде. Ұстаздар мен шəкірттердің ұйымдастыруымен «Отанды сүйю иманнан» атты ата-аналарға арнап кеш ұйымдастырылды. Курсымыз тамыз айының соңына дейін жалғасады. Шəкірттерді қабылдау жүріп жатыр.
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі