Исламның інжу-маржан асыл негіздерінің бірі – зекет беру парызы бойынша Сауд Арабиясына қарасты Қаттани ауылының азаматы Абдул Хамид Қаттанидің демеушілігімен бұл нысанның құрылысы 1995 жылы басталып, 1997 жылғы қарашада пайдалануға берілген. Содан бастап бұл ғимаратқа осы қайырымды жанның есімі берілді.

Құлшылық үйінің көлемі 845,5 шаршы метрді құрап, үлкен намаз оқу залы, Құран оқу бөлмесі, имам бөлмесі, найб имам мен баспасөз хатшысының бөлмесі сынды 7 бөлмеден тұрады. Ішкі сыйымдылығы 800 орындық болса, сыртымен қоса есептегенде 2000 адам бір уақытта намаз оқи алады.

Ал, күмбезінің шеңбері 11, биіктігі 9, 60 сантиметр. 2006 жылғы шілде айында күмбез жаңартылып, алтын түстес сары металмен қапталған. Мұндай күмбезді мешіт елімізде үшеу:Елордамыздағы «Нұр-Астана», екіншісі Алматы орталық мешіті, үшіншісі Шымкенттегі осы «Абдул Хамид Қаттани» мешіті.

Күмбездің тотықпайтын алтын түстес сары қаңылтыры балық қабыршығының көрінісін білдіретін өрнекпен өрнектелген. Күмбез ішіне «Фатиха» сүресі жазылып, бұған қосымша мешіт михрабының көрінісі бейнеленген. Михрабта «Аятул курси» сүресі өрнектелген.

Мұнда дінімізді насихаттау үшін арнайы кітапхана, дәрісхана бөлмелері жұмыс істейді. Бұдан бөлек, өмірден қажыған жандарға рухани көмек көрсету мақсатында «сабырлылық» бөлмесі ашылған.

Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов

Шымкент қ, «Ордабасы» алаңы, Төле би көш.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38