Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық – мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық – кеңпейілділік, көңіл тоқтығы»,- деген.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕШІТТЕРІНІҢ ұйымдастыруымен қаламыздың 1000 (мың) нан аса көмекке мұқтаж жандарына қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында əуелі жан азығы ретінде қаламыздың орталығында орналасқан «Жастар ресурстар орталығы» театрында мұқтаж жандарға арналған ғибратты кеш болды. Жан азығын алған тұрғындарымыз қойылымнан көздеріне жас алып шығып, қаламыздың барлық мешіттерінен тəн азығы яғни азық-түлік жəне қаржылай көмек алды.
Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазанда сауабы еселенетін көркем істерден. Шымкент қала мешіттері тарапынан қайырымдылық істері алдағы уақытта да жалғаса бермек.