IMG 471

IMG 471

Түркістан қаласы «Алпамыс батыр» мешітінің имамы Дәулет Қожабековтің және жамағаттарының ұйымдастыруымен «Ораза айт» мейрамының құрметіне орай мешітке жаңа кілем төселді.
Мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені. Оның сыртында, мешіт табалдырығын аттаған жан қадамына сауап жазылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғандай мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешіріледі.
Олай болса, мешітке келген жамағат – Алланың қонағы. Алла Тағаланың пендесіне дұғада тілегенін беріп, құр қол қайтармайтынын ескерсек, мешіт жамағатының Жаратушы нұрына бөленері сөзсіз.
Осындай дұғадан үміт етіп, жаны жомарт жандардың демеушілігімен мешіт ішіне 181 кв2 жерге «Назар текстиль» фирмасынан жалпы шығыны 540 000 теңгеге әдемі, заманауи кілем төселді.
Жалпы шараға мұрындық болған барша азаматтарға Алланың нұры жаусын, отбасылары аман, кәсіптері жана берсін деген тілектеміз.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 470

IMG 471

IMG 472

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38